Санжар бокстан Қазақстан чемпионы атанды

Санжар бокстан Қазақстан чемпионы атанды
Сурет: Рrosports.kz

Санжар Тәшкенбай кезекті белесін бағындырды

Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше, Оралда бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр. Жеңіл салмақтағы боксшылар арасында үздіктер белгілі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ерлер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финал өте тартысты өтті.

Бокстан 2020 жылғы Қазақстан чемпионы, Батыс Қазақстан облысының өкілі Даниял Сәбит финалда елордалық Санжар Тәшкенбаймен кездесті. Жастар арасындағы әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Даниял Сәбиттен 5:5 есебімен басым түсіп, бокстан ерлер арасында Қазақстанның чемпионы атанды.

Айта кетерлігі, Санжар Тәшкенбай ересектер сапында алғаш рет ел біріншілігінде топ жарды. Ол биыл жастар арасында Азия және әлем чемпионатын бірдей бағындырған.