Алматыда қару-жарақ арсеналын тәркілеудің арнайы операциясы өтті

Алматыда қару-жарақ арсеналын тәркілеудің арнайы операциясы өтті Сурет: Pkzsk.info

Тәртіп сақшылары арнайы операция барысында құпия орынға жасырылған қару-жарақ тапқан


Алматы полицейлері қару-жарақ арсеналын тәркілеу бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


«46 жастағы Д.есімді азаматтың көлігі Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысында ұсталды. Тергеу сотының рұқсатымен көлікті және күдіктіні тінту кезінде патрондары бар екі тапанша табылды және тәркіленді. Д.есімді азаматтың тұрғылықты жері - Алматы облысы Талғар ауданында құпия орыннан тағы алты қару, оның ішінде 12 калибрлі Винчестер, граната және 60 патрон табылды», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.


Полиция басқармасы басшысының айтуынша, қарудың кімге тиесілі екендігін, сондай-ақ қандай да бір қылмысқа қатысының бар-жоғын анықтау үшін тәркіленіп, сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.


Оның айтуынша, күдіктінің үйінен ұнтақ зат салынған төрт бума табылды. Медициналық сараптама күдіктінің ұсталған кезде есірткіге мас болғанын анықтады.


ҚазірҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Д.есімді азамат полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:39

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13