Біз халықтың сұраныстарын шешуге ерекше назар аударамыз

Біз халықтың сұраныстарын шешуге ерекше назар аударамыз
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Мейіржан Отыншиев, Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Бүгінде біздің Алматы біртіндеп қалыпты өмірге қайта оралуда: зардап шеккен ғимараттарды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары толық қарқынмен жүріп жатыр, спорт, мәдениет және өнер мекемелері, сондай-ақ Алматының барлық 860 мектепке дейінгі ұйымдары жұмыс істей бастады. Қаланың 5 ауданында демалыс күніндегі азық-түлік жәрмеңкелері қайта жанданды, 1773 алматылық үй жанындағы дүкендерде бірқатар әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы төмендеді. Сондай-ақ қызмет көрсету саласының 7700 объектісі өз қызметін жалғастырды.

Өткен төтенше жағдай кезінде партияның Алматы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелері барынша ашық және нәтижелі жұмыс жүргізді. Бүгінгі күні қалалықтардан 814 өтініш келіп түсті, олардың 712-сі оң шешімін тапты. Nur Otan партиясының депутаттары және мемлекеттік мекемелердің басшылары онлайн режимінде 136 өтініш берушіні қамти отырып, 26 қабылдау өткізді.

Бұдан бөлек, Алматыда Nur Otan партиясы қалалық филиалы активінің барлық күштері жұмылдырылып, 16 мыңнан астам мұқтаж азаматтарды қамти отырып, 158 млн теңгеге түрлі көмек көрсетілді. Мәселен, мәслихаттағы Nur Otan депутаттық фракциясының мүшелері басқа фракциялармен бірлесіп, жалпы сомасы 35 млн теңгеге 21 тонна азық-түлік жинақтады.

Депутаттардың, праймеризге қатысушылардың, партия белсенділерінің қолдауымен ТЖ кезеңіне тартылған әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері күн сайын ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Осы кезеңде оқу орындарының жатақханаларында болған 2 мыңға жуық студент, сондай-ақ қала көшелерін қиратудан үздіксіз тазалаған коммуналдық қызмет жұмыскерлері тамақпен және сусындармен қамтамасыз етілді.

Бұл ретте Nur Otan партиясы әрқашан халықпен болған және бірге болатынын сеніммен айтқым келеді! Сондықтан, Саяси кеңестің бүгінгі отырысында біз Мемлекет басшысының 11 қаңтардағы халыққа Жолдауында айтылған саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешуге әзірлікті тағы да талқыладық. Сондай-ақ, ашық дауыс беру арқылы "нұротандықтар" партияның кезектен тыс XXI съезіне делегат ретінде Алматыдан 28 партия мүшесін бірауыздан таңдады.