Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров өз таңдауын жасады

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров өз таңдауын жасады
Cурет: Сайлау 2023 ТГ

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров елорданың 393 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Қасында партияның тең төрағасы Динара Шүкіжанова бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

ҚР Конституциясына сәйкес, Парламент Мәжілісі аралас сайлау жүйесі бойынша Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 98 депутаттан тұрады. Бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі аумағы бойынша, яғни партиялық тізім бойынша Мәжілістің 69 депутаты, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша 29 депутат сайланады.