Әлімжан ХАМРАЕВ, ҚХА мүшесі, филология ғылымының докторы:  Сайлау – ерекше науқан 

Әлімжан ХАМРАЕВ, ҚХА мүшесі, филология ғылымының докторы:  Сайлау – ерекше науқан 
almaty-akshamy.kz

– Бұл сайлау ерекше болып отыр. Қазақстан халқы да өздерінің белсенді екенін көрсетіп жатыр. Жаңарған дәуірге қадам басқандаймыз. Бұны анық байқап отырмыз. 
Қала бойынша сайлауға түсушілер де өте белсенді екені аңғарылады. Оны да осы жолғы сайлау үдерісінен көрудеміз. Халық та белсенді араласуда. Ең негізгісі – Отанымызға табан ет, маңдай терді сығып жүріп қызмет ету. Елдің қамын ойлап, әрекет ету керек. Сайлауға түсушілер осы аталған игі ниетті түсініп, жұмыс істегені абзалырақ. 
Халықтың тағдыры бәрінен биік. Өзіміз де ел депутатты таңдау жолында даусымызды бердік. Айтарымыз біреу, қарапайым қарашаның болашағы осындай сайлау кезеңі арқылы шешілетіні анық.