22 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

22 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Cурет: Ашық дереккөз

Қолайсыз метеорологиялық жағдай

Бүгін Қазақстанның 13 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2022 жылғы 22 қаңтарда Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар (1-дәрежелі), Петропавл, Риддер (2-дәрежелі), Семей (2-дәрежелі), Өскемен (2-дәрежелі) және Теміртау қалаларында күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.