Ресейдің Пермь университетінде студент атыс шығарып, 8 адам қайтыс болды

Ресейдің Пермь университетінде студент атыс шығарып, 8 адам қайтыс болды
Сурет: Russian.rt.com

Университет аумағында оқ жаудырған студент екені анықталды

Ресейдің Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде атыс салдарынан қаза болғандар саны 8 адамға жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Атыс салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы бірнешеуі зардап шеккен», - деп нақтылады агенттік сүйенген дереккөз.

Ведомство мәліметінше, университет аумағында оқ жаудырған – студент. Оның есімі анықталды.

Ұстау кезінде ол қарсылық танытып, жарақаттанған. Атыс фактісі бойынша екі және одан көп адамды өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оны Тергеу комитетінің орталық аппараты тергейтін болады.

Аймақ прокуратурасының хабарлауынша, оқиға орнына Пермь өлкесінің прокуроры аттанды. Ол атыс болған жерде тексеру жүргізіп жатқан құқық қорғау және басқа ведомстволардың жұмысын үйлестіріп, қадағалайды.