Ел құрамасы Азия чемпионатында регбиден үздік үштікке кірді

Ел құрамасы Азия чемпионатында регбиден үздік үштікке кірді
Сурет: Olympic.kz

Отандастар топ жаруда

Ташкентте регбиден 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қыздар командалары арасында өткен бәсекеде Қазақстан үздік үштік қатарынан көрінді.

Қазақстан қыздар құрамасы қола жүлдені Өзбекстан командасымен сарапқа салды. Кездесу нәтижесі бойынша Қазақстан Өзбекстаннан 14:0 есебімен басым түсіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 

БАӘ құрамасы топ жарып, құрлықтық біріншіліктің жеңімпазы атанды. Ал финалда жеңілген Үндістан командасы екінші орынды қанағат тұтты.