Доллар 9 теңгеге арзандады

Доллар 9 теңгеге арзандады
Сурет: Inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы арзандады.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 8, 92 теңгеге арзандады. 1 доллар 462, 91 теңге болды. Ұлттық банктің 5 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 472, 76 теңге, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 462, 35 теңге, сатып алу – 467, 13 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 462,17 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 467,11 теңге.