Құрылыс салушы жобаны қоғамдық талқылаудан өткізуге міндетті

Құрылыс салушы жобаны қоғамдық талқылаудан өткізуге міндетті Inform.kz

Алматылықтар жеке сектор жанынан көп қабатты үй салуға қарсы


«Қалқаман» ықшамауданындағы жеке үйлерде тұратын алматылықтар көп қабатты тұрғын үй кешенінің салынуына қарсылық білдірді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Тұрғындар жеке үйлер мен коттедждердің арасына көп қабатты тұрғын үй кешенін тұрғызуға қарсы. Олардың пікірінше, көп қабатты құрылыс ауданның сәулеттік келбетін бұзады, жел көтеріледі, ауаны ластайды. Одан бөлек, жалға берілетін пәтерлер қылмыстық жағдайға әкеледі.


Сонымен қатар белсенділердің пайымынша, тұрғын үй кешені автотұрақ тапшылығын тудырады.


Тұрғындар көп қабатты үй орнына спорт және ойын алаңдары бар саябақ салуды ұсынды.


Наурызбай ауданының әкімдігі Талжанов көшесі, 1А мекенжайындағы учаске заңды тұлғаға тиесілі екенін мәлім етті.


Қазіргі уақытта тұрғын үй кешенін салу жобасы бекітілген жоқ.



«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» заңының 13-бабына және «Қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру мен қала құрылысын жоспарлау ережелері» қағидатына сәйкес, құрылыс салушы жобаны қоғамдық талқылаудан өткізуге міндетті», - деп атап өтті әкімдікте.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19

12:10

11:47

11:30

10:57

10:06

09:34

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29