Президенттік стипендия нешінші курстан бастап тағайындалады?

Президенттік стипендия нешінші курстан бастап тағайындалады?
Сурет: Egemen.kz

2023 жылы Президенттік стипендия еліміздің 55 жоғары оқу орнында 1005 студент пен 7 магистрантқа тағайындалды.

Президенттік стипендияны тағайындау туралы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бұйрығы шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бакалавр студенттері үшін Президенттік стипендия мөлшері – 73 320 теңге, магистранттар үшін – 173 974 теңге.

ҚР Президенті стипендиясының мақсаты – білім алушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым дарынды және қабілетті студенттер мен магистранттарды қолдау, сондай-ақ зияткерлік әлеуетті қалыптастыруға жәрдемдесу.

Стипендиаттар үшін іріктеудің негізгі критерийі - тек «өте жақсы» (А, А -) оқу. Сондай-ақ, студенттер мен магистранттардың республикалық және халықаралық олимпиадалардағы, шығармашылық конкурстардағы, спорттық жарыстардағы, фестивальдардағы жетістіктері ескеріледі.

Сонымен қатар, ашылулар мен өнертабыстардың авторлары стипендия иегерлері бола алады; ғылыми еңбектер жинағында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар білім алушылар; жетістіктері дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады; білім беру ұйымдарының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне қатысады.

Президенттік стипендия 3 курстан бастап күндізгі бөлімде оқитын студенттерге және екінші курстан бастап магистранттарға тағайындалады.