Париж Олимпиадасында Алуа Бектұрова қазылық етеді

Париж Олимпиадасында Алуа Бектұрова қазылық етеді
Сурет: ашық дереккөз

Көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі төреші Алуа Бектұрова Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына шақырту алды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Халықаралық көркем гимнастика федерациясы 2024 жылғы Париж Олимпиадасында төрелік ететін қазылар тізімін жариялады. Олардың қатарында қазақстандық Алуа Бектұрова да бар. 

Айта кетейік, Алуа бұған дейін Испанияда өткен әлем біріншілігінде төрелік еткен болатын. Халықаралық федерация оның жұмысын жоғары бағалап, техникалық комитет арнайы алғыс хатпен марапаттаған. 

Естеріңізге сала кетейік, XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылы Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Жазғы ойындар бұған дейін Францияда екі мәрте ұйымдастырылған болатын. Әлемдік дәрежедегі спорт сайысының жалауы Парижде 1900 және 1920 жылы желбіреген еді.