Парасат Нұрғалиев рекордтар кітабына кірді

Парасат Нұрғалиев рекордтар кітабына кірді
Сурет: Аzh.kz

Атыраудың алыбы туралы бұрын да жазғанбыз.

Ол – Қазақстандағы ең ұзын адам, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Аzh.kz порталы Атырау облысының Индер ауданында тұратын еліміздегі ең ұзын адам Парасат Нұрғалиевтің Қазақстанның рекордтар кітабына "Елдегі ең ұзын адам" ретінде кіргенін жазды.

Қазақстанның рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергеновтің айтуынша, Парасат алпауыттың ресми мәртебесінен бөлек, еліміздегі ең үлкен аяқтың да иесі: оның аяқкиімінің өлшемі – 56. Парасат Нұрғалиевтің бойы – 218,5 сантиметр, салмағы – 150 келі.

Алып жігіт дене бітіміндегі өзгерісті мектепте жүрген кезде байқағанын айтты.

«Басқа балалар сияқты болғаныммен, 6-сыныпта оқып жүргенде денемдегі ерекшелікті байқай бастадым. Біртүрлі сүйектерім өсе бастағандай сезіліп, аяқтарым ұйып, түсініксіз сезімде болдым. Киімдерім кішкентай бола бастады, бойым тез өсіп, аяғым үлкейіп кетті. 9-10-шы сынып оқып жүргенімде, аяқ киім табу проблема болды. Себебі аяқ киім өлшемі 50-ге жетті. Ал ондай аяқкиім табу өте қиынға соқты. Мектепті бітірерде салмағым 120 килограмм, ал бойым 2 метрге жетті», - дейді Парасат.