Өткен тәулікте 94 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 94 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

10 адамның жағдайы ауыр

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 94, коронавирус белгілері бар пневмония 10 адамнан анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

10 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде коронавирустан 1 649 адам (коронавирус (ВКИ+) –1 484, пневмония (КВИ-) – 165) емделіп жатыр. Олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 528 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 10 адамның жағдайы ауыр,

- 1 пациенттің жағдайы өте ауыр.

Айта кетейік, 8 ақпандағы тәулік ішінде коронавирус 114, пневмония 9 адамнан анықталған болатын.