Шахмат Олимпиадасында Қазақстан ерлер құрамасы жеңіске жетті

Шахмат Олимпиадасында Қазақстан ерлер құрамасы жеңіске жетті
сурет: Egemen.kz

Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатыр

Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Шахмат Олимпиадасында еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы алтыншы ойынын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Бұл жолы ерлер құрамасы Чехияны 2,5:1,5 есебімен сүріндірді.Құрама сапында Арыстанбек Оразаев пен Қазыбек Нөгербек жеңіске жетсе, Ринат Жұмабаев тең түсті. Ал, Әлішер Сүлейменов қарсыласына есе жіберіп қойды. Олар бұған дейін Ливан мен Латвияны 4:0, Қытай Тайбейін 3:1, Марокконы 2,5:1,5 есебімен жеңіп, Тәжікстанға 1,5:2,5 есебімен есе жіберген-ді. Ал, әйелдер құрамасы алтыншы турда Әзербайжанға 1:3 есебімен жол беріп қойды. Олар бұған дейін Перу, Куба мен Бельгияны 3:1, Гватемаланы 4:0 жеңіп , Моңғолиямен 2:2 есебімен тең түсті.