Он төрт миллионға саудаланға сағат

Он төрт миллионға саудаланға сағат
Сурет: https://www.rrauction.com/auctions/lot-detail/348294607074028-hiroshima-atomic-bombing-melted-wristwatch-with-detonation-time-of-815-am/?cat=0

Бостонда өткен аукционда Хиросимадағы ядролық бомбалаудан аман қалған сағат сатылды, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Ұлыбританиялық сарбаз бір кездері жезден жасалған қол сағатты Хиросима аумағынан (Жапония) тауып алған. Сағат әбден күйіп, балқып кеткен екен.

Ал оның тілдері таңғы сағат 8:15-те қатып қалған.


Әйнегі бұлыңғыр болып кетсе де, анықтап қараса сандары көрінеді.

Аукционға шығарылған сағат 31 113 долларға сатылды (шамамен 14 046 197 теңге). Жеңімпаз өзінің аты-жөнін жария етпеуді өтінген.

"Көлемі кішірек болса да, бұл өте маңызды және тарихи жәдігер," - делінген аукцион сайтындағы хабарламада