Нью-Делиде екі боксшымыз финалға шықты

Нью-Делиде екі боксшымыз финалға шықты
Сурет: Egemen.kz

Үндістанның Нью-Дели қаласында әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты аясында жартылай финалдық жекпе-жек өтті.

1/2 финалдың қорытындысы бойынша екі қазақстандық финалға жолдама алды. Осылайша, Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден астам) алтын медаль үшін жарысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Алуа Балқыбекова (48 келіге дейін), Надежда Рябец (66 келіге дейін), Валентина Халзова (75 келіге дейін) және Фариза Шолтай (81 келіге дейін) турнирде қола медаль еншіледі.