Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы ұшақтың қозғалтқышынан құс іздері табылды

Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы ұшақтың қозғалтқышынан құс іздері табылды
Сурет: Inform.kz

 Ұшақты тексеру кезінде қозғалтқыштан құстың қалдықтары табылды.

Бұл туралы «Аir Astana» әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бүгін Нұр-Сұлтан -Алматы- KS 9960 рейсін орындаған Airbus A321LR ұшағын тексеру барысында қозғалтқышынан құс іздері табылды. Салдарынан қозғалтқыш қақпағы зақымдалды (майысып қалған)»,- деп хабарлады «Аir Astana» әуе компаниясының баспсөз  қызметі.

Әуе компания мәліметінше, жөндеу жұмыстарын «Аir Astana» инженерлік-техникалық бөлімінің қызметкерлері жүргізеді.

Еске салайық, 23 тамыз күні Ыстанбұл – Алматы бағытындағы ұшақтың қозғалтқышынан құс іздері табылған еді.

Сондай-ақ 18 тамыз күні Алматы - Атырау рейсіндегі ұшақтың қозғалтқышына да құс түсіп кеткен болатын. Техникалық жағдайын бағалау үшін бортты пайдалану тоқтатылды. Осыған байланысты Атырау - Алматы КС878 рейсі кешіктіріліп орындалады.