Непалда 6,4 балдық жер сілкінісі болды

Непалда 6,4 балдық жер сілкінісі болды
24 kz

Непалда 6,4 балдық жер сілкінісі болып, 130-ға жуық адам ажал құшты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 24 kz сілтеме жасап.

Ондаған тұрғын жараланған. Жергілікті үкіметтің хабарлауынша, зардап шеккендер саны әлі артуы мүмкін. Өйткені бірнеше елді мекенмен байланыс үзілген. Құтқарушылар ол жаққа әлі жете алмай жатыр.

Зілзала ошағы ел астанасы Катмандудан 500 шақырым жерде тіркелген. Жерасты дүмпулері Үндістан астанасы Нью-Делиде де сезілді.