Футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді

Футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді
Сурет: Qazaquni.kz

Бүгін елордада футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді.

Кездесу елорда уақытымен 16.00-де Астана қаласындағы «Астана-арена» стадионында өткізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Финалда Шымкенттің «Ордабасы» және Қостанайдың «Тобыл» командалары шеберлік байқасады. 

Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Биыл шымкенттік клуб ел чемпионы атанса, қостанайлық команда сегізінші орынды місе тұтты.

Финалға дейін «Ордабасы» Түркістан облысының «Мақтаралын» (1:2, 4:1), Петропавлдың «Қызылжарын» (2:0, 0:1), елордалық «Астананы» (0:1, 2:0) орта жолда қалдырып кетті.
Ал «Тобыл» Павлодар облысының «Ақсу» (1:2, 2:0), Қарағандының «Шахтер» (0:1, 2:0), «Атырау» (1:0, 1:0) командаларын жеңді.

Айта кетсек, Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінге дейін «Қайрат» 9 мәрте кубокты төбесіне көтерді.

Ал «Жеңіс» (Астана) мен «Астана» - 3, «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ордабасы» (Шымкент) - 2, «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Ақтөбе», «Алматы», «Тобыл» (Қостанай), «Достық» (Алматы), «Елімай» (Семей) - 1 мәртеден кубок иегері атанды.