Алматыда жол ережесін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды

Алматыда жол ережесін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
Сурет: Polisia.kz

Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында екі Toyota көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері анықталды.

Дабылға ден қою аясында мамандандырылған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері видеодағы құқық бұзушыларды ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл – 19 жастағы Ж.есімді азамат және 21 жастағы П.есімді азамат. Ж.есімді азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі бойынша 2 әкімшілік хаттама толтырылды. Ал П.есімді азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі , ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 4-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 10-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі бойынша 5 әкімшілік хаттама толтырылды.

Жүргізушілерге қатысты материалдар көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін шешу үшін сотқа жолданды. Көліктер арнайы тұраққа қойылды.