Тоқаев жұмыс сапарымен Қытайға барады

Тоқаев жұмыс сапарымен Қытайға барады
Сурет: Elorda.info

Президент Олимпиаданың ашылу рәсіміне қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиаданың ашылу рәсіміне қатысу үшін Бейжіңге жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Ақпанның 4-5 күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барады. Сонымен қатар сапар барысында Қазақстан Президенті мен Қытай төрағасы екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланған, - делінген хабарламада.

Баспасөз хатшысы сапар бағдарламасына Тоқаевтың Қытай көшбасшысымен келіссөздері де кіретінін айтты.