Наурызбай ауданында жыл соңына дейін тағы екі мектеп ашылады

Наурызбай ауданында жыл соңына дейін тағы екі мектеп ашылады
Сурет: Tengrinews.kz

Ауданда оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында жұмыстар жасалып жатыр.

Жаңа оқу жылында "Қалқаман" шағынауданында 1 800 орындық және "Қарғалы" шағынауданында 600 орындық жеке меншік мектеп ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жыл соңына дейін тағы 2 мектеп ашылады. Атап айтқанда, қараша айында "Қалқаман" шағынауданында 1 500 орындық және желтоқсанда «Алма Сити – 5» аумағында 1 200 орындық мектеп (сатып алу рәсімдері жүріп жатыр).

Сонымен қатар, "Шұғыла" шағынауданында Qazaq Stroy компаниясы «Әлем Сити» (дайындығы - 60%) және «Алма Сити – 4» (10%) аумағында 2 400 орындық екі мектеп салып жатыр. Құрылыс 2023 жылдың III тоқсанында аяқталады.

Жыл соңына дейін "Шұғыла" шағынауданында № 174 мектепке 375 орындық қосымша құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасы аяқталып, мемлекеттік сараптамаға жіберілетін болады. Сараптама қорытындысы шығып, конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін, 2023 жылдың II тоқсанында құрылысын бастау жоспарлануда.

"Құрамыс" шағынауданындағы 1 500 орындық және "Шұғыла" шағынауданындағы 2 000 орындық екі мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2023 жылдың I тоқсанында мемлекеттік сараптамаға жіберіледі. Құрылысы 2023 жылдың III тоқсанында басталады.

Сондай-ақ "Шұғыла" шағынауданындағы ескі №15 мектеп-интернат және «Нұрлы дала» тұрғын үй кешенінің аумағындағы екі мектептің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге конкурс жариялау үшін құжаттама дайындалуда.

Осы жылдың басынан бастап балабақшадағы орын тапшылығын азайту мақсатында 700 орындық 12 жеке меншік балабақша ашылды.

Сондай-ақ "Шұғыла" шағынауданында 320 орындық жаңа балабақша құрылысы басталды. 2023 жылдың шілде айында аяқталады. Жаңа жобаларды әзірлеу жалғасуда.

«Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің аумағында 320 орындық балабақшаның жобалау-сметалық құжаттамасының құнына қатысты ескертулерді назарға ала отырып, 2023 жылғы ақпанда мемлекеттік сараптамаға қайта жіберіледі (2023 жылғы сәуір, құрылыс-монтаждау жұмыстары – 2023 жылдың III тоқсанында басталады). Сонымен қатар "Құрамыс" шағынауданындағы 320 орындық, "Шұғыла" шағынауданындағы 320 орындық және "Қалқаман" шағынауданындағы 240 орындық үш балабақшаның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде (мемлекеттік сараптама 2023 жылдың III тоқсанында жасалып, құрылыс-монтаждау жұмыстары IV тоқсанда басталады). Тұрғындардың өтініші бойынша балаларды қосымша оқытумен қамту үшін "Шұғыла" шағынауданында апта сайын 5 мыңнан астам бала қатыса алатын көпсалалы инновациялық шығармашылық орталықтың (Оқушылар сарайының) құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Нысанды 2023 жылдың II тоқсанында ашу жоспарланған», - деді қала басшысы Ерболат Досаев бүгінгі кездесуде.