Қазақстандықтар зейнетақы қорына жыл басынан 523 млрд теңге аударды

Қазақстандықтар зейнетақы қорына жыл басынан 523 млрд теңге аударды Cурет: Ашық дереккөз

БЖЗҚ салымшыларының шоттарында 13,0 трлн теңгеге жуық зейнетақы жинағы сақтаулы


Қазақстандықтар жыл басынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 523 миллиард теңгеден астам қаржы аударған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қор сайтына сілтеме жасап.



«2022 жылдың төрт айында салымшылардың шоттарына шамамен 523,5 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 27% немесе 110,7 млрд теңгеге көп. Өсім жарналардың барлық түрі бойынша болғанын атап өту керек», - делінген мәліметте.



Жалпы, биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, БЖЗҚ салымшыларының шоттарында 13,0 трлн теңгеге жуық зейнетақы жинағы сақтаулы.


Салымшылардың жарналарынан бөлек, зейнетақы жинақтары таза инвестициялық табыстың арқасында артқан. 2022 жылдың 1 қаңтары мен 1 мамыры аралығында бұл көрсеткіш 128,7 млрд теңге болды.


2022 жылдың 1 мамырына қарай, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,7 млн жетті. Шоттардың ең көп үлесі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылды – 10 870 075.


Сондай-ақ мәлім етілгендей, жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 921,4 млрд теңге төледі, оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрайды – 831,7 млрд теңге. Жасына байланысты төлемдер – 37,0 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 23,4 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 16,9 млрд теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 9,7 млрд теңге, жерлеуге арналған төлемдер – 1,9 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер – 0,8 млрд теңге.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12