Мұхтар Шаханов оқырмандармен кездесті

Мұхтар Шаханов оқырмандармен кездесті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ақын жастармен диалог жүргізді.

Алматыда Мұхтар Шахановтың оқырмандармен шығармашылық кездесуі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ақын туындыларының ішінен «Өлең құрау – ақындықтың көп қырының бір түрі» өлеңін оқып беріп, бірнеше әндерінен оқырмандармен қосыла үзінділер орындады.

Іс-шара барысында ақын, саяси қайраткер «Желтоқсан эпопеясы» кітабы аясында жастармен диалог жүргізді. Жас оқырмандар Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы жайында өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.

«Мен тек қана шындық үшін күресіп келе жатқан адаммын. Өмір деген күрес, шындық үшін күресе алмаған адамды мен адам деп есептемеймін. Осы «Желтоқсан эпопеясында» желтоқсанның шындық жыры шырқалған.Осында отырған бүлдіршіндерге, жастарға, ұстаздарға құрметімді, алғысымды білдіремін, ниеттеріңізге ризамын, шындық үшін күресуді тоқтатпаңдар», – деді Мұрат Шаханов.

Іс-шара соңында кездесуге келген студенттерге автордың кітаптары сыйға тартылды.