Бала тілінің кеш шығуын қалай тану керек?

Бала тілінің кеш шығуын қалай тану керек? Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

14 қараша – логопед күні.


Логопедтер, психологтар мен дефектологтар өздерінің кәсіби мерекелерін жұмыс орнында атап өтеді. Олардың күнделікті жұмысы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды дамыту болып табылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматының өңірлік коммуникациялар қызметі педагог-психолог, дефектолог Әсел Сағадатованың қатысуымен брифинг ұйымдастырды. Маман баланың сөйлеуінде кешеуілдеу барын қалай тануға болатынын және оның себебі неде екенін айтты.



Маманның айтуынша, бала тілінің кеш шығуы - бұл баланың үш жасына дейін сөйлеу тілінің жас нормасына сәйкес келмеуі. Дегенмен, сөйлеу дамиды, бірақ кешеуілдейді, соған қарамай, баланың ақыл-ойы мен эмоционалдық дамуы қалыпты болуы мүмкін. 



«Балалардың тілінің кеш шығуы оның психикасының қалыптасуына әсер етеді. Бұл баланың айналасындағы адамдармен қарым - қатынасын қиындатады, танымдық процестердің дұрыс қалыптасуына кедергі келтіреді, эмоциялардың қалыптасуы мен бәрілуіне әсер етеді», - деп түсіндірді Ә.Сағадатова.



Дефектологтың айтуынша, «кеш сөйлеу» диагнозы үш жасқа дейінгі балаларға қойылады, яғни бұл оларда  осы жасқа дейін сөздердің минималды сөздік қорын қалыптаспағанын көрсетеді. Психикалық-сөйлеу дамуында кешігуі бар балалар қысқа сөйлемдермен сөйлейді, сын есімдерді аз қолданады, сұрақтарды аз қояды.



«Негізгі белгі - өз деңгейіне сәйкес келмейтін сөйлеуінде. Бір жарым, екі жасқа дейінгі бала қалыпты жағдайда елуге жуық сөзді білуі керек. Біз осыны байқамаған соң, біз түзету сабақтарына барамыз, неғұрлым ертерек барса, соғұрлым жақсы», - деді ол.



Дефектолог сөйлеудің кешеуілдеуіне әкелуі мүмкін себептерді түсіндірді:  


- педагогтың салғырттығы;
- жарақат салдары;
- психикалық дамуының кешеуілдеуі;
- аутизм;
- сөз мүкістігі;
- интеллектуалды дамуының кешігуі.



«Егер баламен сөйлеспесе, яғни баланың сөйлеуге құлқы болмаса, оның тілінің шығуы да кешеуілдейді. Яғни, баланың сөйлемеуіне  ата-аналардың өздері әсер етеді. Тағы бір себеп-жарақаттар, аурулар және мидың зақымдануы немесе баланың анасының құрсағында, болмаса өмірінің бірінші жылында болған жұқпалы аурулар. Есту қабілеті нашар балалардың да тілдері кеш шығады, өйткені ол басқалардан естігенін нақты қайталай алмайды», - деп түсіндіреді маман.



Мұндай жағдайларда сөйлеудің кешігу себептерін анықтау үшін невропатологқа, логопедке, ал кейбір жағдайларда психиатр мен балалар психологына бару керек.


Диагнозды кешенді тексеруден кейін невропатолог, логопед, психолог және сурдолог қана қояды. Егер балаға сөйлеу дамуының кешігуі диагнозы қойылса, сөйлеуден басқа барлық негізгі психикалық функциялар сақталады, деп атап өтті сарапшы.


Сөйлеу дамуының кешігуі психикалық-сөйлеу дамуының кешігуіне әкелуі мүмкін. Бұл өзіне бөлек ауру емес, бұл - мидың, орталық жүйке жүйесінің дамуындағы ауытқулардың салдары. Екі аурудың арасындағы негізгі айырмашылық, бірінші жағдайда баланың сөйлеуі ғана кешеуілдейді, баланың психикалық және эмоционалдық дамуы қалыпты болады. Баланың психикалық-сөйлеу дамуының кешеуілдеуінде оның дамуының және жалпы интеллектуалдық жағынан артта қалуы байқалады. 


Жүктілік кезіндегі аурулар, анасының құрсағындағы кезде балаға оттегінің жетіспеуі, ауыр босану, босану кезіндегі баланың жарақат алуы, баланың ауыр инфекциялардан, генетикалық аурулардан және т.б. психикалық-сөйлеу дамуының кешеуілдеуін тудыратын факторлар болуы мүмкін.



«Біздің байқауымызша, қазір бізге ковидтан кейін дүниеге келген балалар көп келеді. 2020-2021 жылы туылған балалар сөйлеу және психикалық-сөйлеу дамуының кешігуі туралы белгілі бір қорытындылармен келеді. Бұл да себептердің бірі», - деп толықтырды ол.   



Әр бала жеке дамиды, бірақ маман түсіндіргендей, келесі белгілер психо-сөйлеу дамуының кешігуі туралы аңғартуы мүмкін:


- нәресте  ешқандай дыбыс шығармай, үнсіз жата берсе, тіпті қарапайым уілдемесе
- 12 айлық бала өзіне қарата айтылған сөзге немесе әрекетке кері байланыс бермесе, тек жылау арқылы өзіне назар аударса;
- 1,5 жасында балалар заттарды есту арқылы танып, оларды суретте көрсетуі керек және т. б.;
- 1,5–2-бір жасар бала «аузыңды аш», «қасықты ал» деген ересек адамның бұйрықтарын еркін орындай алады: 
– 2-3 жас - жеке сөздер мен тұтас сөз тіркестерінің айтатын кезі;
- 4 жасқа дейін балалар толыққанды сөйлемдер айтады, тіпті егер дыбыстардың көпшілігі дұрыс айтылмаса да.


Белгілі бір диагноз анықталғаннан кейін, мамандарға жүгінуден бөлек, ата-аналар балалармен өз бетінше жұмыс жасай алады.


Осылайша, дефектолог ата-аналарға балалармен жиі сөйлесуді ұсынады.Мұндай балаларға емізік беру ұсынылмайды, пюренің орнына қатты тағамдарды тұтыну керек.Балада ұсақ моториканы дамыту керек, бұл оны сөйлеуге ынталандыруы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24