Мектеп басшылығы 7 млн-ға жуық қаржы жымқырған

Мектеп басшылығы 7 млн-ға жуық қаржы жымқырған
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Сондай-ақ, басшылық жоқ қызметкерлерге жалақы төлеп отырған. 

Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы тексеру барысында 6 843 837 теңге сомадағы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Бұл ақшалай қаражат 2022-2023 жылдар аралығында № 73 орта мектепті ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ғимаратты жылытып ұстау үшін көмір жеткізуге бюджеттен бөлінген.

Одан бөлек, жұмыс атқармағанына қарамастан 2 қызметкерге ай сайын еңбекақы төленіп отырғаны белгілі болды (өлі жандар).

"Аудан прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды", — деп жазды Тұран ауданының прокуратурасы.