1 мамырда Қазақстанда бәйге маусымы басталады

1 мамырда Қазақстанда бәйге маусымы басталады
Сурет: интернеттен

Көрермендердің назарына «Қыз қуу» және т.б. байқаулар ұсынылады.

Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен Қазақ жокей клубы 2024 жылғы 1 мамырда Алматы қаласындағы ипподромда биылғы жылдың алғашқы бәйгесін өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сайыс әртүрлі қашықтықта 9 түрлі жарыс бойынша өтеді. Атап айтқанда, «Көктем» жүлдесі (ҚР-да туған жылқылар үшін), «Көктем» жүлдесі (ашық), «Ашық» жүлдесі (ашық), Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «1 мамыр» жүлдесі, Гандикап жүлдесі (ҚР-да туған жылқылар үшін), Жасөспірімдерге арналған жүлде (ҚР жылқыларымен), Гандикап жүлдесі (ашық), Талғат Бигелдинов атындағы жүлде (ҚР-да туған жылқылар үшін), «Кіріс» жүлдесі.

Аталған 9 түрлі атшабыс 1 мың, 1 200, 1 600, 1 800, 2 мың метр қашықтықта өтеді. Оған 2-4 жас аралығындағы Қазақстанның 70 ең үздік сәйгүлігі қатысады. Көрермендердің назарына «Қыз қуу» және т.б. байқаулар ұсынылады.

Билеттерді https:/ticketon.kz/ сайтынан онлайн алуға болады. Бағасы – 2 мың теңге.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, ипподром «Құлагер» шағын ауданы, Омаров көшесі, 10 «а».

Басталуы: 1 мамыр, 2024 жыл, сағат: 15:00-де.