Энергетика министрі Алматы тұрғындарымен кездесті

Энергетика министрі Алматы тұрғындарымен кездесті
Сурет: Almaty

Түйткілді сұрақтарға жауап берді.

Энергетика министрі Алматыдағы іссапарының аясында қала тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.

Түйткілді сұрақтарға жауап берген Болат Ақшолақов әр сектор бойынша жұмыстың жоспары мен жобасын таныстырды. Әсіресе, қаладағы экология, газ бен жарық жүйесіне баса назар аударған жиынға қатысушылар аталған мәселелердің шешімі табылса дейді.

«Газбен қамтамасыз ету бекеті қазіргі уақытта жетіспейді. Соған байланысты министрге ұсыныс айтқанбыз. Автобустарды қосымша газбен қамтамасыз ету, автобус бекеттерін салу туралы ұсыныс айттық», – деді қалалық мәслихат депутаты Есенгелді Талбидинов.

Тұрғындар сұрағына жауап берген Энергетика министрі газбен жүретін көліктердің мәселесі қарастырылып жатқанын айтты. Бұл мақсатта қалада қосымша бекеттерді салу күн тәртібінде тұр.