Қазақстандағы еңбек ресурстары порталында жаңа сервис іске қосылды

Қазақстандағы еңбек ресурстары порталында жаңа сервис іске қосылды
Сурет: Knews.kg

Осы сервис арқылы жұмыс берушілер қажетті құжаттардың электрондық пакетін сұрай алады.

Қазақстан Үкіметі еңбек ресурстары порталында жаңа сервис енгізгізіп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталында «Қызметкердің жеке ісі» сервисі іске қосылды, оның көмегімен жұмыс беруші жұмысқа кандидаттың немесе қызметкердің келісімімен жұмысқа орналасу кезінде қажетті құжаттардың электрондық пакетін сұрай алады, сондай-ақ қызметкердің басқа жұмыспен қамтылуын тексере алады»,- делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жеке тұлғаның дербес деректерін өңдеуге келісімін үшінші тұлғаларға беру үшін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің дербес деректерге қолжетімділікті бақылау сервисі арқылы мобильді азаматтар базасында тіркелген қызметкердің нөміріне SMS жолдау арқылы немесе hr.enbek.kz порталында ЭЦҚ көмегімен келісімге қол қою арқылы жүзеге асырылады.

Осылайша, ақысыз негізде келесі ақпаратты алуға болады:

  • Жеке куәліктегі ақпарат;
  • Фотосуреттер;
  • Білім туралы ақпарат;
  • Психо-наркологиялық және туберкулез диспансерлерінде есепте тұрғаны туралы ақпарат;
  • 0/75у медициналық анықтамадан мәліметтер;
  • Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен жұмыс тәжірибесі туралы ақпарат;
  • Вакциналау туралы ақпарат.

Жұмыс беруші hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталы арқылы таңдау үшін кез келген қолжетімді тегін ақпаратты сұратуға құқылы.

Кадрлық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйелері бар жұмыс берушілерге Smart Bridge арқылы интеграциялау арқылы тегін қызметке қосылу мүмкіндігі беріледі.

hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталында 2022 жылғы маусымда іске қосылған «Қызметкердің жеке кабинеті» сервисі құрылды, онда өз еңбек шарттарыңызды көруге, жұмыс орнынан анықтаманы жүктеуге, сондай-ақ дербес деректерді өңдеуге келісімге қол қоюға және болашақта қашықтықтан электрондық еңбек шартын жасасуға болады.

Жұмыс беруші үшін порталда еңбек шарттарын тіркеу, қарау, түзетулер мен толықтырулар енгізу, әлеуметтік демалыстарды тіркеу, кәсіпорынды ауыстыру және қайта ұйымдастыру, жеке істі қалыптастыру бойынша сервис функциялары қолжетімді, сондай-ақ, анонимді түрде немесе жақын арада еңбек заңнамасын бұзу туралы тест тапсыруға рұқсат етіледі.