Түрмеге бронетранспортер мінген содырлар шабуыл жасады

Түрмеге бронетранспортер мінген содырлар шабуыл жасады
сурет:newsru.com

Мексика түрмесіндегі тәртіпсіздік: 14 адам қаза тауып, 10 адам қашып кетті

1 қаңтарда Мексиканың Сьюдад-Хуарес штатындағы түрмеде тәртіпсіздік болды. Салдарынан 14 адам қаза тапты, оның ішінде 10 күзетші мен 4 тұтқын бар. 10 адам қашып кетті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz trend.az сайтына сілтеме жасап.

«Түрмеге бронетранспортер мінген содырлар шабуыл жасады. Олар оған сағат 7:00 шамасында жетіп, күзетшілерге оқ жаудырды», - деп хабарлады Чиуауа прокуратурасы.

Бірнеше сағаттан кейін мексикалық сарбаздар мен штат полициясы түрмеге бақылауды қалпына келтірді. Елдің прокуратура қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді.