Студенттерден ПТР-тесттің болуы талап етілмеуі керек

Студенттерден ПТР-тесттің болуы талап етілмеуі керек
Сурет: Biwork.ru

Жаңа оқу жылы қарсаңындағы ЖОО студенттеріне қатысты ақпарат

ЖОО-ның аумағы, оқу корпустары, кітапхана, жатақханаларда міндетті түрде Ashyq жүйесі қолданылуы міндетті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Жоғары оқу орнына қойылатын санитарлық талаптар туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты. 

Оқу ғимараттарына «жасыл» немесе «көк» мәртебесі бар білім алушылар кіргізіледі. Оқу ғимаратына не жатақханаға кірген кезде студенттің дене қызуы тексеріледі. Сонымен қатар міндетті түрде антисептиктер қолданылып, бетперде режимі сақталады.

«Студенттерден ПТР-тестілеудің болуын талап етуге болмайтынын ерекше атап өткім келеді. Студенттер арасында коронавирус індетіне қарсы вацина алудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген ведомствоның хабарламасында.