Медеуде жаппай сырғанау уақытша жабылады

Медеуде жаппай сырғанау уақытша  жабылады
bugin.kz

Медеу биік тау мұз айдынының жұмысы туралы ақпарат 

18-24 ақпан кундері Медеу мұз айдынында конькимен жүгіруден Қазақстан Республикасы Кубогының финалдық кезеңін дайындау және өткізуге байланысты жаппай сырғанау жабылады. 

Барлық қызығушылық танытқан жанкүйерлер үшін мұз айдынына кіру ашық. 

21-24 ақпан аралығында өтетін жеке және командалық біріншіліктің финалына республикалық маңызы бар екі қала мен еліміздің 7 облысының спортшылары қатысады. 

Турнир туралы толық ақпарат шараның басталу күні жақындағанда жарияланатынын хабарлаймыз.

Алматы қаласы спорт басқармасы