Бостандық ауданында өрт шықты

Бостандық ауданында өрт шықты
Cурет: Egemen.kz

Оттың таралу қаупі толығымен жойылды.

18 қыркүйекте 11 сағат 11 минутта Алматы қаласы ТЖД табиғи өрттерге қарсы жиынтық жасағы Бостандық ауданы, Ерменсай шағын ауданы, Арайлым көшесі, 2/12 үйдің жанында тау баурайындағы құрғақ шөптің, ағаштардың, жанғаны туралы хабарламаға шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аталған ведмоство мәліметінше, келген сәтте алғашқы өрт сөндіру бөлімі жалпы ауданы 1,5 Га жерде құрғақ шөп пен ағаш ашық жалынмен жанып тұрғанын, өрт үш қабатты тұрғын үйге таралу қауіпі туралы, сондай- ақ  жоғары температурадан үш қабатты  үйдің   пластикалық терезелер, сайдингтан жасалған үй жабындысы қыза бастағанын туралы хабарлаған.
ТЖД күштері мен құралдары жоғары шақыру дәрежесі бойынша 57 адам л/с және 14 бірлік техника жұмылдырды. Қабылданған шаралармен өрт 12:34-те жойылып, оттың жеке тұрғын үй секторына таралу қаупі толығымен жойылды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.