Маңызы зор, мәні ерекше мереке

Маңызы зор, мәні ерекше мереке
Almaty-akshamy.kz

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады   

«Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік күні – мемлекеттілікті нығайтатын, отаншылдықты арттыратын және ұлтты ұйыстыратын айшықты мереке. Сондықтан бұл датаның маңызы зор, мәні ерекше. Егемендік – біздің ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізбегеніміз анық. Сол себепті бүгінгідей қастерлі мерекеде біз азаттық жолында басын бәйгеге тіккен арыстарымыз бен еркіндік үшін етігімен су кешкен аға буынның рухына тағзым етеміз. Олардың ғибратты ғұмыры мен еңселі елдікке бастаған батыл қадамдарын кеңінен дәріптейміз. Бұл – таутұлғаларымызды мәңгі жадымызда сақтау және Тәуелсіздіктің қадірін жете түсіну үшін аса маңызды», - деп жазды Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында.