Елімізде қай бағытта жолдар жабылғаны белгілі болды

Елімізде қай бағытта жолдар жабылғаны белгілі болды Almaty-akshamy.kz

2023 жылы 16 желтоқсанда сағат 9:00-дегі жағдай бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты (суық күнде жаңбырдың жаууы, боран, көктайғақ) бес облыста республикалық маңызы бар тас жолдардың сегіз учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.


Жетісу облысы:


Үшарал-Достық тас жолы, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі аралықтағы жол учаскесі (100 км).


"Ауа райының күрт нашарлауына байланысты шектеу шаралары енгізілді (боран, айналаның көріну деңгейінің төмендеуі). Шектеу көліктің барлық түрлеріне қолданылады. Жолда тұрып қалған көліктер саны - 68 жүк көлігі".


"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі


Алматы облысы:


Алматы-Ташкент-Термез тас жолы, Жаңақұрылыс ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі аралықтағы жол учаскесі (84 км).


Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді. Жолда көліктер тұрып қалған жоқ.


Атырау облысы:


Ақтөбе - Атырау - Ресей Федерациясының шекарасы (Астраханьға) тас жолы, 712-893 км, Жанбай ауылынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі (Астраханьға) аралық.


Шектеу барлық көлік түрлеріне (жаңбыр, көктайғақ) қолданылады.


Жамбыл облысы (жалпы жиынтығы - 600 км):


Алматы - Ташкент-Термез, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейінгі жол учаскесі (Жаңа Қордай асуы) – 95 км.


Шу-Қайнар - 56 км.


Алматы – Ташкент – Термез, Қайнар ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі жол учаскесі - 354 км.


Алматы-Ташкент-Термез, Алматы облысынан Қайнар ауылына дейінгі жол учаскесі - 95 км.


Шектеу ауа райының нашарлауына байланысты енгізілді (суық күнде жаңбырдың жаууы, көктайғақ) және көліктің барлық түрлеріне қолданылады. Қайта жабылған жол учаскелерінде 50 автомобиль, оның ішінде 30 жүк және 20 жеңіл автомобиль жиналып қалды.


Түркістан облысы:


Алматы – Ташкент - Термез, Машат ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі жол учаскесі (62 км).


Шектеу Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты енгізілді және көліктің барлық түрлері үшін қолданылады. Көліктердің тұрып қалу фактісі тіркелмеді. 


"Жалпы, қазіргі уақытта республикалық тас жолдардың 846 шақырымында шектеу шаралары енгізілген. Қайта жабылған учаскелерде 118 автокөлік тұр, оның ішінде 98 жүк және 20 жеңіл көлік бар. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар тас жолдарда көктайғаққа қарсы материалдар себуге, қар тазалау жұмыстарын жүргізуге 260 техника жұмылдырылды", делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42