МӘМС-тен мән кетті

МӘМС-тен мән кетті
Сурет: ашық дереккөз

Төлемдері бойынша ставкалар өзгеріссіз қалды, алайда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері өзгерді. Бұл бірнеше төлемнің көлеміне әсер етті.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биыл біз медсақтандыруға қанша төлейтініміз жөнінде хабар таратты. Жұмыс берушілер қызметкерге жалақының 3% мөлшерінде аударым жасайды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  Осы орайда салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ЕТЖ-дан  (2024 ж. 850 000 теңге) аспауға тиіс, яғни жұмыс берушінің ең жоғары төленетін сомасы айына 25 500 теңге. Бұл қаражат қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, оны жұмыс беруші кәсіпорын есебінен төлейді. Ал жалдамалы жұмыскерлер мен қызметкерлер МӘМС-ке ай сайынғы табысының 2% мөлшерінде жарна төлейді. Салық салу объектісі барлық жұмыс орындарынан айына 10 ЕТЖ (2024 ж. 850 000 теңге) аспауы тиі. Қызметкердің жалақысына қарай, төлейтін ең жоғары жарнасы 17 000. Жеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ЕТЖ-дан 5% төлейді. 2024 жылы: (1,4 * 85 000) * 5% = 5 950 теңге. Егер жеке кәсіпкер есептемені «нөлмен» тапсырса,  қызметін ресми түрде тоқтатпаса, онда ол Салық кодексінің талабына сай жарна төлеуді жалғастыруы керек. Әйтпесе, қарыз пайда болады. Дербес төлеушілер ең төменгі жалақының 5% көлемінде, яғни 4 250 теңге жарна төлейді. 1 қаңтардан өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға екі тәсіл ұсынылады: - жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және жарнаны ЖК ретінде төлеу; - жарнаны дербес төлеуші ретінде төлеу.