Мадрид көшелері қойға толды

Мадрид көшелері қойға толды
Сурет: Espanarusa.com

Испания астанасы Мадрид орталығына мыңнан астам қой мен ешкі айдаған шопандар шеруге шықты.

Бұл шеру "дәстүрлі мал шаруашылығы" фестивалі аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz-тің хабарлауынша, шара жыл сайын қазанда өтеді.

1994 жылы шаруалар, малшылар құқығын қорғайтын наразалық акциясын ұйымдастырған еді. Осыдан кейін Испания соты маусымдық аралықтар кезінде, малды қала көшелеріне шығаруға рұқсат береді. Кейін бұл үрдіс дәстүрлі мерекеге айналды.