Археологтар теңіз түбінен аса бағалы бұйымдар тапты

Археологтар теңіз түбінен аса бағалы бұйымдар тапты
24 kz

Қытай археологтары Оңтүстік Қытай теңізінен 1 ғасыр бұрын апатқа ұшыраған кеме қалдықтарынан 100-ден аса бағалы бұйымдар тапты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Жәдігерлер жақсы сақталған. Ішінде ең бағалысы - фарфордан жасалған ыдыстар. Бұдан бөлек, теңіз түбінен қыш ыдыстар, қола монеталар, зергерлік және бамбуктен жасалған бұйымдар табылды.

Зерттеушілердің айтуынша, табылған артефактар Мин әулеті кезеңіне жатады. Бұл арқылы "Қытайдың ежелгі сыртқы сауда қатынасының" қалай дамығаны жөнінде тың деректер біле аламыз, дейді мамандар.