Ел аумағында жер сілкінді

Ел аумағында жер сілкінді
almaty-akshamy.kz

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Жер сілкінісі Алматы уақытымен 17 сағат 54 минутта тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 265 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.1. MPV тербелісі – 4.2. Тереңдігі – 10 шақырым. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.