Латвияда міндетті әскери қызмет қайта енгізіледі

Латвияда міндетті әскери қызмет қайта енгізіледі
Сурет: ашық дереккөз

Латвия үкіметі міндетті әскери қызметті қайта енгізеді.

Ел Парламенті «Мемлекеттік қорғаныс қызметі» туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Соған сәйкес, 1 шілдеде әскерге 300 еріктіні қабылдау басталады. Ал 2024 жылдың қаңтарынан бастап 18 бен 27 жастағы ер азаматтар міндетті түрде бір жыл Отан алдындағы борышын өтеуі тиіс. Қыздарға ерікті түрде қатысуға рұқсат. Елдің Қорғаныс министрлігі осы арқылы әскердің санын қазіргі 2 мыңнан 22 мыңға жеткізбек.

"Қазір жас жігіттер әлсіз боп кетті. Бәрі тек ғаламтор мен әлеуметтік желіде батыр. Ал көршілеріміздегідей ел басына күн туса, Отанды кім қорғайды? Сондықтан бұл шешімді халықтың 47 пайызы қолдап отыр", - дейді әскери қызметкер Эдгарс Алексежевс.