«Құлагер» атаныңыз!

«Құлагер» атаныңыз!
Сурет: ҚР Жазушылар одағы баспасөз қызметі

Ұлттық спорт қауымдастығы әдеби байқау жариялады.

Бас жүлде – 2 000 000 теңге, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Құлагер» деп аталатын республикалық жаңа әдеби байқау 2024 жылдың 22 қаңтары мен 22 маусым аралығында өтеді.

Мақсаты – ұлттық спортты насихаттау, қаламгерлерге қолдау көрсету, жаңа туындылардың жазылуына ықпал ету.

Шығармалар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Жас шектеуі жоқ.

Байқауға бұрын-соңды жарияланбаған, тек байқау өтетін аралықта ғана жазылған шығармалар ұсынылуы керек.

Шығармалар Ұлттық спорт қауымдастығына ресми түрле кіретін теңге ілу, бәйге, жамбы ату, аударыспақ, көкпар, тоғызқұмалақ, құсбегілік, садақ ату, асық ату, жорық спорт түрлері бойынша жазылуға тиіс.

Байқау номинациялары:

Үздік поэзия;

Үздік проза;

Балаларға арналған үздік шығарма;

Үздік комикс;

Үздік драма;

Үздік деректі проза;

Үздік фантастикалық/мифологиялық шығарма.

Әр номинация бойынша үздік деп танылған туынды авторына “Құлагер” байқауының авторлық мүсіншесі және 2 000 000 (екі миллион) теңге беріледі.

Байқауға qulager.ultsport.kz сайты арқылы өтініш беріледі.