ҚР ДСМ Египеттен келетін рейстерге бақылауды күшейтті

ҚР ДСМ  Египеттен келетін рейстерге бақылауды күшейтті
Сурет: iDoctor.kz

Себебі, Египетте денге безгегіне ұқсас белгісіз ауру тіркелген.

ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, Египетте белгілері денге безгегіне ұқсас белгісіз аурудың жағдайлары тіркелген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Денге безгегі – адамға инфекция жұқтырған масалардың шағуы арқылы берілетін вирустық инфекция. Ауру адамнан адамға ауа тамшылары арқылы берілмейді.

Ауру тропикалық және субтропикалық елдерде таралады. ДДҰ мәліметтері бойынша, Африка, Америка, Шығыс Жерорта теңізі, Оңтүстік-Шығыс Азия және Батыс Тынық мұхитының 100-ден астам елі эндемикалық болып келеді.

Қазақстанда жыл сайын аурудың жекелеген жағдайлары тіркеледі. Ағымдағы жылы денге безгегі бойынша қолайсыз елдерден (Таиланд) келген адамдар арасында оның 2 жағдайы тіркелді.

Ауру дене температурасының жоғарылауы, бас ауруы, дененің ауыруы, жүрек айнуы түрінде көрінеді, әйтсе де көп жағдайда ауру симптомсыз өтеді және науқастың жағдайы 1-2 аптадан кейін жақсарады.