Көлсайда көлік апаты болды

Көлсайда көлік апаты болды
Сурет: ашық дереккөз

Қайыңдыда туристтерді тасып жүрген екі көліктер аударылып кеткен.

Бұл мәселе төңірегінде бұған дейін бірнеше рет көтерілген болатын, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Бұған дейін туристік орынның қордаланған мәселесін көтерген журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желі арқылы тағы да тиісті орындарға ескерту жасады. 

Қайыңдыдағы жол апатынан жапа шеккендер саны 35 адам екен. 34 науқастың кейбірі 150 шақырым жердегі Шелек ауруханасына, көбі 300 шақырым жердегі облыстық Ауруханаға  жеткізілген. Тек бір адам Кеген аудандық ауруханасына жатқызылыпты. Кегендегі аурухана жөндеуден өткен, құрал-жабдықтары түгел болса неге науқастарды алысқа тасыды екен? Өткенде жылан шаққан балаға уға қарсы дәрі таба алмай өлтіріп алған ақхалаттылар, жол апатына түскендерге мед көмек көрсетуге дәрменсіз болды ма? 

Жол апатынан зардап шеккен 35 адамның бесеуі шетелдік туристер екен. Үшеуі Үндістан, екеуі Ресейден келген. Қазақтың жерін көреміз деп келіп, қайғылы жағдайға душар болғандар үшін мен ұялып отырмын. Өйткені туризмді дамытамыз, елге турист тартамыз деп көпіргенімізбен, демалушыларды әлі күнге ескі УАЗ, ПАЗ көліктерімен тасып жүрміз. Бірақ тасымалдау құны "майбах", "гелендвагеннен" кем емес. Мына түрімізбен біздің елге бір келген адам екінші жоламайтындай болады. ҚР Туризм және спорт министрлігі құлақтарыңызға бриллиант сырға. 

Кешелі бері парақшам аудан дәрігерлерінің атакасына ұшырап жатыр. "Бес сағат бойы тік тұрып көмек көрсеткінімізді қалай жоққа шығарасыз?,  Жалған ақпарат таратпаңыз, сіз ол жерде болған жоқсыз"-деген сыңайдағы комменттерді бұрқыратыпты. Айналайындар-ау, сіздердің науқастарға көмек бергендеріңізді ешкім жоққа шығармайды. Мәселе мед көмек дер кезінде болды ма? Кез-келген апатта жапа шеккендерге алғашқы бір сағатта сапалы медициналық көмек көрсетілсе, ол адамның тірі қалуы 90 пайызға артады екен. Қайыңдыда қырылып қала жаздаған туристерге 15-20 скорый келгенін білемін. Бірақ олар Шонжыдан, Шелектен, Талғардан жеткенше кемі екі сағат уақыт кетті ғой. Науқастарды ауруханаға апарғанша тағы бірнеше  сағат жол жүрді. Онсыз да аяқ-қолы сынып, жаны қиналып, ауырсынып жатқан адамға төрт сағат дәрігерлік көмекті күту өте ауыр. Тіпті "болевой шоктан" өліп кетуі де мүмкін еді кейбірі. Сондықтан мен туристік аймақта аурухана болсын деген талап қойып отырмын. Жалаңаштағы бұрынғы аурухана ғимаратына биыл 900 млн теңгеге жөндеу жасап, санаторий ашты. Халыққа шипажай емес аурухана керек. Халық саны аз деген желеуді қою керек. Жылына Көлсай мен Қайыңдыға 500 мың турист келеді. Олар бірдеңеге арандаса тіркеуі жоқ деп қараусыз қалдырамыз ба? 

P.S. Қайыңдыда жол апаты болып, бәрі сонымен жүргенде Саты ауылының жолындағы Қырқобы асуында тағы бір апат болыпты. Ауыр жүк көлігінің тежегіші істен шығып, таудан төмен қарай құлдилаған. Жүргізуші жансауғалап кабинадан секіріп кеткен екен. Бірақ тірі қалмапты. Ол кісі де көз жұмды деген ақпарат жетті. Көлсай мен Қайыңдыдан күреп ақша табамыз деп қауіпсіздікті ұмыттық деген осы?!, -деп жазды журналист.

PS: белгілі журналист Диас Нұрақын болған оқиғаға қатысты қосымша ақпарат берді. Қайыңдыдағы ірі жол апаты туралы қосымша ақпарат. Пазик автобусы мен буханка  УАЗ соқтығысқан. Бірінде "Банан тур", екінші көлікте "Саяхаттайық" деген компанияның туристері болыпты. Барлығы 34 адам. Соның біреуі өліп, 20-сы жараланған. Он турист аса ауыр хәлде екен. Оларды сол баяғы салдыр-салақ уазиктермен, ауылдағы таксистермен Жалаңаштағы, Кегендегі ауруханаларға жеткізген. Дер кезінде медициналық көмек көрсетілген жоқ. Сүйек-саяғы шашылып қалған адамды ойдым-ойдым Қайыңдының жолымен алып түскенше шырқыраған жан дауысы шыққан шығар, науқастардың?!