Автокөлік тасымалы неге алаңдайды?

Автокөлік тасымалы неге алаңдайды?
Сурет: Gov.kz

Алматыда халықаралық автокөлік тасымалы бойынша көлік бизнесімен кеңейтілген кеңес өтіп жатыр.

Қоғамдық пікірді барынша қамту және шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті отандық көлік бизнес және жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдау мәселелері бойынша логистика өкілдерімен жергілікті жерде кеңейтілген кеңес ұйымдастырды.

Іс-шара Алматыдағы Логистика және көлік академиясының ғимаратында өтуде. Көлік министрінің желтоқсан айында мегаполис тұрғындарымен кездесуінде берген уәдесіне сәйкес Қазақстанның барлық өңірінен тасымалдаушылар шақырылды.

Кездесу барысында кәсіпкерлерге, сарапшыларға және салалық қауымдастықтардың (Kazlogistics, KazATO) және «Атамекен» АЭС өкілдеріне қазақстандық тасымалдаушылар арасында шетелдік рұқсат бланкілерін таратудың жаңа тәртібі таныстырылды.

Тақырыпты талқылау аясында ҚАТТК төрағасы Алтай Әлі нарық қатысушыларын Көлік министрінің «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының Шетелдік рұқсаттар бланкілерін берудің жаңа тетігін қамтитын «Қазақстан Республикасында халықаралық қатынаста автомобиль көлігімен тасымалдауға рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы»жобасын қарастыруды ұсынды.

Дайындалған құжатта мемлекеттік орган рұқсат бланкілерін тарату жүйесіндегі еркін бәсекені қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуды шектейтін, яғни, көлеңкелі нарықта бланкілердің жасанды тапшылығын туғызатын мәселелерді жояды және оларды қайта сатуға мүмкіндік беремейді.

Атап айтқанда, CATTK көлік құралдарының тасымалдау тарихы мен қызметіне шектеулерді алып тастауды, белгілі бір тапсырыс болған жағдайда кез келген отандық тасымалдаушыға бланкілерді беруді, бланкілерді көлеңкелі нарықта қайта сатудың барлық алғышарттарын жоюды, бланкілерді беру туралы шешімдер қабылдау үдерістерінен көліктік бақылау инспекцияларын алып тастау, сондай-ақ бланкілерді пайдалануды қашықтықтан  бақылауды енгізу.

Сонымен қатар нарық қатысушыларымен халықаралық жүк тасымалдаудың басқа да проблемалық мәселелері де ашық талқылануда.