Қазақстанда жанармай құю станциялары бақылауға алынады

Қазақстанда жанармай құю станциялары бақылауға алынады
Сурет: Myc.news

Осы мақсатта өңірлік комиссиялар құрылады.

Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесін талқылау барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әлихан Смайылов жанармайдың мұнай өңдеу зауыттарынан өңірлердегі сақтау орындары мен жанармай құю станцияларына дейінгі оңтайлы логистикасын қамтамасыз етуді, егін егу және жинау науқаны кезінде жанар-жағармай тасымалдау үшін теміржол тарифтерін төмендету мәселесін қарауды, сондай-ақ бағаның негізсіз өсуіне және мұнай өнімдерінің сыртқа тасымалдануына жол бермеу үшін мұнай базалары мен ұсақ жанармай құю станцияларына бақылау жасау жөніндегі өңірлік комиссиялар құруды тапсырды.

Премьер-Министр өңірлерді көмірмен қамтамасыз ету бойынша жергілікті жерлерде бөлшек сауда бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мәселесін алдын ала пысықтауды және қатты отынды шалғай аудандарға жоспарлы түрде жеткізу бойынша шұғыл шаралар қабылдау керегін айтты.