Алматыда мемлекеттік кәсіпорын басшысы майнингтік ферма құрғаны үшін сотталды

Алматыда мемлекеттік кәсіпорын басшысы майнингтік ферма құрғаны үшін сотталды
Сурет: Inbusiness.kz

Ол кәсіпорында майнинг фермасын заңсыз орнатқан.

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мәліметінше, Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық ізденістер мемлекеттік институты» ШЖҚ РМК директоры М-ге қатысты қылмыстық іс тергеліп, сот отырысы өтті.

«Тергеу барысында директор пайда табу мақсатында мемлекеттік мекеменің әкімшілік ғимаратының аумағында заңсыз көлеңкелі бизнесті ұйымдастырған. Ол үй-жайларда криптовалютаны өндіруге арналған цифрлық майнингтік ферманы орнатқан. Бұл ретте майнингтік операциялар үшін электр энергиясын тұтыну мемлекеттің бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылды», - делінеді ведомствоның хабарламасында.

Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру институтын басқарған азамат М. лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оның жеке пайдасы мен артықшылықтарын алу үшін қызмет мүдделеріне қайшы әрекет етті деп санайды, бұл ұйымның құқықтары мен заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірді.

Бір жылға жуық уақыт бойы ғылыми ұйымның басшысы институттың әкімшілік ғимаратында орнатылған жабдықта криптовалютаны алу үшін заңсыз ферманы басқарған. Кәсіпорын бухгалтериясы тұтынылған электр энергиясы үшін ірі шоттар ала бастаған кезде күдік пайда бола бастаған: 830 мың теңгеге жуық сомаға 27 мың кВт/сағ-тан астам электр энергиясын тұтынған.

Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, материалдық залалдың орнын толтырды, бұл оның және прокурордың арасында іс жүргізу келісімін жасауға мүмкіндік берді. Мұндай мінез-құлық, сонымен қатар соттылықтың болмауы және шын жүректен өкіну сот үкімін жеңілдетуге негіз болды.

Нәтижесінде сот оны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 700 АЕК (2 144 100 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды, мүлкін тәркілемей, мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға немесе қаржы саласындағы қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салынды. Бұл сот шешімі прокурордың сотталушыны жазалау туралы өтінішімен толық сәйкес келді.