Қоғамдық көліктегі камералардың қалта ұрлығын азайтуда септігі тиген

Қоғамдық көліктегі камералардың қалта ұрлығын азайтуда септігі тиген
Сурет: Inform.kz

Алматыда қоғамдық көліктердегі камералардың көмегімен қалта ұрлығы азайған.

Сараптамаға сәйкес, 2022 жылдың қаңтар айында күн сайын 80 ұрлық жасалса, сол жылдың желтоқсан айында бұл көрсеткіш күніне 36 ұрлыққа дейін төмендеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Тіркелген қылмыстардың жалпы санында бөтеннің мүлкін ұрлаудың үлесі 49,2%-ды құрайды. Бүгінгі күні пәтер ұрлығы (3,4%), қалта ұрлығы (4,2%), автокөлік салонынан ұрлық (19,2%), бүйір айна ұрлығы (3,4%) және тағы басқа ұрлықтың ашылуы жақсарды. Бұл көрсеткішке жету ұрлыққа қарсы құрылған топтардың жұмысының нәтижесінде, сондай-ақ қоғамдық орындарда да, қоғамдық көліктерде де бейнебақылау камераларын орнатудың арқасында мүмкін болды», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.