Тұрғын үйге салынған инвестиция 17 пайызға өсті

Тұрғын үйге салынған инвестиция 17 пайызға өсті
Сурет: Іnbusiness.kz

Бұл - 2021 жылмен салыстырғанда 16,8%-ға көп және соңғы бес жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, былтыр тұрғын үй құрылысы саласына 2 триллион 902,2 миллиард теңге инвестиция тартылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Саладағы оң динамиканың өсуіне жеке инвестициялардың бірден 607,6 млрд теңгеге, яғни 2 трлн 473,9 млрд теңгеге дейін ұлғаюы әсер еткен. Мұндай үлкен өсім соңғы бес жылдан бері болмаған.

Бюджеттік инвестициялар құрылымындағы көпжылдық минимумға республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен – 29,2 млрд теңге жеткен. Алты облыс оларды мүлде алмаған, бұған дейін мұндай жағдай болмаған. Осылайша, негізгі ауыртпалық жергілікті бюджеттерге түсті.

Жалпы, инвестицияның жартысына жуығын екі қала – Астана (686,9 млрд теңге) және Алматы (598 млрд теңге) бастап отыр. Олардың өсу қарқыны сәйкесінше 10,9% және 16,9% құрады», - дейді сарапшылар.

Өсім 15 облыста, әсіресе, Жетісу (+57,8%) және Шығыс Қазақстан облыстарында (+54,2%) байқалады. Қалған бес облыстың ішінде инвестиция көлемі Атырау облысында (-45,1%) төмендеп кеткен.