Қоғамдық кеңес мүшелері Жолдауды талқылады

Қоғамдық кеңес мүшелері Жолдауды талқылады
Сурет: Akorda.kz

Алматылықтар Жолдауға қатысты ой-пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салды.

Алматы қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері онлайн конференция өткізді.

Жиын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауын талқылау аясында ұйымдастырылды.

Олардың әрқайсысы өз салалары бойынша Жолдауда айтылған мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Мәселен, «Жаңа ғасыр» әлеуметтік күрделі аурулардың алдын алуға арналған ассосиация басшысы Нұржан Бауыржанұлы жастар арасында нашақорлықтың асқынып тұрғанын, осы мәселені шешу үшін нақты шаралар қолдану қажеттігін алға тартты.

«Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағының» төрағасы Зульфия Байсакова да өз пікірін білдірді. Ол Жолдауда айтылғандай, бала күтімімен үйде отырған әйелдерге төленетін жәрдемақы 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзартудың  екінші жағы да бар екенін айтты. «Әйелдер үйде ұзағырақ отырған сайын, отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін, бұл жағын да ойлау керек» - деді ол. 

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Алтынай Көбеева спикерлерді мұқият тыңдап, әр айтылған ұсыныстың хаттамаға енгізілетінін айтты.